Ата-аналар мектептерде патриоттыққа тәрбиелеу мәселесінде Президентке қолдау білдіруде

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының мәліметтерінше, орта мектептердегі оқушылардың ата-аналарының 86 пайызы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтқан патриоттық, ізгілік және адамгершілік нормалары барлық білім мекемелерінде үйретілуі тиіс деген бастамасын қолдайды.

Ата-аналар мектептерде патриоттыққа тәрбиелеу мәселесінде Президентке қолдау білдіруде

Сауалнамаға қатысқандардың 82,0 пайызы бұл құндылықтарды мектепте үйрету керектігіне сенімді. Бұл ретте, сұралғандардың 95 пайызы осының барлығы үшін оқу мекемелерінде арнайы пәндерді немесе факультативтік сабақтар енгізу қажет деп санайды.

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты сауалнаманы 18 және одан жоғары жастағы адамдар арасында жүргізді. Телефон арқылы сұрақтар барлық облыстар, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 1 000 адамға қойылды. Сауалнама өткізілген мерзім - 2012 жылдың 30 сәуірі - 10 мамыры.