Ата-аналарына хабарласпайтын қытайлықтар сотталуы ықтимал

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың билік көздері азаматтарға өздерінің егде жастағы ата-аналарына баруды міндеттеді.

Ата-аналарына хабарласпайтын қытайлықтар сотталуы ықтимал

Құжатта осындай кездесулердің қаншалықты жиі өткізіліп тұратыны нақтыланбайды, бірақ оны орындамағаны үшін билік көздері сот қудалауын ескертеді.

  Қытайлық экономика дамуының қарқындылығы ежелгі дәстүрдің бұзылуына әкеліп соқтырды. Егер бұған дейін бірнеше ұрпақ бір шаңырақтың астында тұрса, енді үлкен отбасылар сирек кездеседі. Бұдан басқа, жастар үлкен қалаларға кетіп, үйлеріне сирек оралады.