Ата-анамыз Қазақстан жеріне алғыс айтыңдар деп аманат қалдырып кетті - Людмила Тян

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Кореяның мәдениет орталығының өкілі, елордалық тұрғын Людмила Тян бүгін барлық отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Ата-анамыз Қазақстан жеріне алғыс айтыңдар деп аманат қалдырып кетті - Людмила Тян

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қайта сайлағанымызға қатты ризамын. Себебі мұндай халықтық мерекенің тойлануы - сол кісінің арқасы. Бұл көктемнің бейбітшілік пен татулыққа үндейтін әдемі мерекесі. Осынау атаулы күнмен барша қазақстандықтарды құттықтағым келеді. Ашық аспан, әл-ауқат тілеймін!» - деп атап өтті ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Людмила Тянның айтуынша, оның ата-анасы «сталиндік кезеңде» Қиыр Шығыстан жер аударылған және тек қазақ халқының мейірбандығының, қонақжайлылығының арқасында аман қалды.

«Қиыр Шығыстан Қазақстанға сапар кезінде кәрілер мен балалар шыдамай көз жұмды. Тек жастар ғана тірі қалған. Менің ата-анам «басқа емес, дәл осы Қазақстан жерінде қалғанымыз үшін Құдайға алғыс айтып отырыңдар» деп өле-өлгенше айтып кетті. Қазақтар жалғыз түйір нанымен бөлісті, су ішкізді, басымызға пана берді. Біз осында тірі қалдық. Біздің ата-аналарымыз сол кезеңді көз жасымен әрдайым еске алып отырды. Енді міне, балалар өсті, немерелер пайда болды. Осы жерді қасиет тұтамыз, сыйлаймыз», - деді Людмила Тян.