Ата-ананың жеткілікті көңіл бөлмеуі жеткіншектерді қылмысқа итермелейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа зерттеу жұмыстары көрсеткендей, ата-ананың қамқорынан аз көрге ұл балалар қатігез болып өседі екен.
None
None

Пенсильвания Университетінің әлеуметтанушылары 85 сотталушының өміріне қатысты жеке деректерін зерттеп көрген. Олар осы зерттеу барысында ата-анасы көңіл бөлмеген жеткіншектер арасынан қылмыскерге айналғандардың көбірек шығатынын анықтаған, деп жазды Science World Report.

Баланы қаталдықпен тәрбиелеу оның ызақор болып өсуіне әкеп соқтырады. Ата-ананың көңіл бөлмеуі ондай қауіпті күшейтеді.

Сауалнамаға қатысқан 25 адамның біреуінің де ата-анасы өз міндетін толық орындамаған болып шықты. Жеткіншектердің агрессиялық әрекетіне құрдастарымен немесе ата-аналарымен төбелескені, мұғалімдерге шабуыл жасағаны, қорқыту мақсатында қаруды пайдаланғаны, тонағаны немесе біреуді жарақаттағаны жатады.

Соңғы жаңалықтар