03:38, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Ата-анасы көлік тұрағына ұмытып кеткен сәби қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияда бір жарым жастағы сәби әке-шешесінің жауапсыздығынан қайтыс болды, деп жазады Би би си.

Баланы ата-анасы көлікте ұмытып кеткен екен.
Келісім бойынша, ата-ананың бірі сәбиді балабақшаға апарып тастауы тиіс болған. Бірақ ол оны ұмытып кетіп, бала екі-үш сағат көлікте Ла-Шо-де-Фон тұрағында қамаулы қалған.
Жергілікті прокурор Марк Ремидің айтуынша, ата-анасы болған жайды кешке бірақ білген.
Баланың өлімі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.