Ата-анасы жаза ретінде орманға тастап кеткен 7 жасар бала табылмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда елдің солтүстігіндегі таулы аймақта жоғалып кеткен баланы ата-анасы жаза ретінде орман ішінде жалғыз қалдырып кеткендіктерін мойындады.
None
None

Бүлдіршінді ата-анасы аюлар тіршілік ететін Хоккайдо өңіріндегі орманға ата-анасы тастап кеткен екі тәуліктен бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды Би-би-си.

Алдында ата -анасы полицияға жабайы көкөністерді жинап жатқан кездерінде ұлдарын жоғалтып алғандықтарын айтқан. Кейіннен баланы жаза ретінде жалғыз өзін қалдырып кеткендіктерін, араға бес минут салып қайта келгендерінде оны таппай қалғандықтарын мойындады.

Соңғы жаңалықтар