Ата-анасымен келіспеген жасөспірім қыз терезеден секіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Челябі облысында жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады www.rosbalt.ru.

Ата-анасымен келіспеген жасөспірім қыз терезеден секіріп кетті

Отбасы дауы өліммен аяқталды. 14 жастағы қыз жеке өмір сүргісі келетінін айтып, ата-анасына қарсы шыққан. Айтқанға көнбеген қызын әке-шешесі бөлмесіне қамап тастаған.

Челябі облыстық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, болжам бойынша қамалып қалған қыз терезеден қашып шыққысы келіп, құлап кеткен болуы мүмкін.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.