Ата-анасының ажырасуы баланың денсаулығына кері әсер етеді

Нақтырақ айтқанда, ерлі-зайыптының ажырасуы, отбасы мүшелерінде алкоголь, темекі, есірткімен байланысты проблемалардың болуы және отбасылық зорлы-қомбылық, қорлау деген секілді мәселелер балада демікпе ауыруның тууна себеп болады.
Сондай-ақ, мамандардың жазуынша, отбасында бір адамның түрмеге қамалуы, психикалық ауытқу болуы да балаға қатты әсер етеді. Осындай фактордың біреуі ғана баланың демікпе ауруына шалдығу қаупін 28 пайызға арттырады. Бес және одан да көп фактор қауіпті екі есе көбейткен. Зерттеуге қатысқан балалардың арасында 31 пайызы кем дегенде отбасында жоғарыда аталған бір факторға тап болған. Ең кең тарағандарының арасында ата-аналардың ажырасуы.
5 және одан да көп факторларға жолыққан балалардың 25 пайызы осындай кері тәжірибе болмаған 12 пайыз балаларға қарағанда демікпеге шалдыққан Баланың өмірінде факторлар неғұрлым көп болса, демікпенің де қаупі соғұрлым жоғары болған.