Ата Заң күніне орай Астанада әлемнің 19 елінен келген қонақтардың қатысуымен конференция өтеді

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада еліміздің Ата Заңы күні кеңінен аталып өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ата Заң күніне орай Астанада әлемнің 19 елінен келген қонақтардың қатысуымен конференция өтеді

«29-30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Астанада БҰҰ, Еуропа Кеңесі, ЕО, ЕҚЫҰ өкілдерінің және әлемнің 19 мемлекетінен келген қонақтардың қатысуымен «Конституция мемлекет пен қоғам дамуының негізгі стратегиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді», - деді ресми өкіл.