Ата Заңға билік уәкілеттілігі туралы өзгерістер енгізілер болса, оның саны емес, мазмұнына мән беру керек - И.Рогов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі бір деңгейде биліктегі басқару уәкілеттілігін Парламент, Үкімет арасында қайта қарау туралы Мемлекет басшысының ұсынысына қатысты Конституцияға өзгерістер енгізілетін болса, өзгерістердің саны емес, мазмұнына назар аудару керек. Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов осындай пікір білдірді.

Ата Заңға билік уәкілеттілігі туралы өзгерістер енгізілер болса, оның саны емес, мазмұнына мән беру керек - И.Рогов

«Егер де Президент айтқан мәлімдемелерге мұқият зер салатын болсаңыздар, Мемлекет басшысының айтқан бір ұсынысы - биліктегі белгілі бер деңгейдегі басқару уәкілеттілігін Парламент, Үкімет арасында қайта қарау туралы болды. Ал, бұл, әрине, өз кезегінде Конституцияға белгілі бір өзгерістер енгізуді талап етеді. Бірақ, Конституция кепіл ететін тұрақтылық, заңдылық туралы айтқанда, Ата Заңымыздың мәтініне енгізілетін өзгерістердің санына емес, ол өзгерістердің мағынасына назар аудару керек. Жалпы, ол өзгерістер тек билік құрылымдары ауысса ғана, Конституция мен заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ететін тиімді тетіктер құру қажеттілігі туындаса ғана енгізілуі мүмкін», - деген Конституциялық кеңестің төрағасы жалпы өзгерістер бола ма, жоқ па, ол әлі белгісіз екенін алға тартты.

«Парламенттің жаңа сессиясы ашылсын, Мемлекет басшысы қандай да бір жиындарда өз ойын тағы айтсын, содан кейін ғана біз Қазақстанның құқықтық саласында қандай өзгеріс болатынын біле аламыз», - деп түйіндеді сөзін И.Рогов.