Ата заңға сәйкес әскери борышын орындау - әр азаматтың міндеті

ОРАЛ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан Конституциясының 36-бабына сәйкес 18-27 жас аралығындағы әрбір азамат әскер қатарына шақырылады.
None
None

Бұл - олардың ел алдындағы абыройлы борышы.

БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, майор Марат Тоқпаевтың ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, биылғы көктемде Батыс Қазақстаннан әскерге 810 адам алынды. Олардың 102-сі - жоғары білімді, 169-ының орта техникалық білімі бар, орта білімділер - 55. Бұл - өткен жылғымен салыстырғанда біршама жақсы көрсеткіш. Әскерге шақырылған кезде олардың спортпен шұғылдануына, дене бітіміне баса көңіл бөлінеді. Сондай-ақ Қарулы Күштердің алтын қоры - сардарлар даярлау да күн тәртібінен түспейді. Биыл өңірден әртүрлі әскери оқу орындарына қырықтан астам түлек түсті. Соның ішінде 17-сі Ресей, Түркия, Беларус, Украина, Әзірбайжан сынды елдерде білім алатын болады. Атап айтқанда, құрлықтағы әскерлердің әскери институтына - 20, радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына - 16, әуе қорғаныс күштері әскери институтына 18 жас қабылданды.

Алдағы қазан айында күзгі әскерге шақыру маусымы басталады. Тағы да сегіз жүздей жас азаматтық борышын өтеуге аттанады.

Соңғы жаңалықтар