Ата заңымыз - халықтың жүрегінен шығып, заман сынына төтеп бере алатын темірқазығымыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан Ата заңы күніне арналған «Конституция - қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялы негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
None
None

«Тәуелсіздігіміздің тарихында, Мағжан Жұмабаев айтқандай, еліміздің толғамалы тарихында неше түрлі оқиғалар өтті. Қиын кезеңдер болды. Елбасымыз айтқандай, Тәуелсіздігімізды сынға алған кезеңдер болды. Сол сындарлы жылдардан біздің Ата заңымыз еліміздің бірлігіне, жауапкершілігіне қызмет етіп, аман-есен алып өтті», - деді шараға қатысқан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы.

Оның атап өтуінше, қазақта елдігімізді анықтайтын Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысы, Алаштың жолы секілді қадау-қадау сүбелі дүниелер болған. Ал мұның барлығынан біздің тарихымыздың сабақтастықта екендігін, елдікті алтын арқау еткендігін байқау қиын емес.

«Елбасымыз Конституцияға байланысты «Халқымыздың жүрегінен шыққан, заман сынына табысты төтеп беретін біздің темірқазығымыз», деп нақты, анық айтқан болатын. Бұл сөзге алып-қосар еш нәрсе жоқ деп есептейміз. Өйткені темірқазық дегеніміз - халықты қиындықтан алып өтетін үлкен бір дүние», - деді Д.Қамзабекұлы.

Соңғы жаңалықтар