Ата заңымыз Қазақстан халқының бірлігін айғақтайтын, үкілі үміттерінің жүзеге асуына жол ашатын басты құжатқа айналды - А.Мұсаханов

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Жетісу өлкесі тұрғындарын Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады.

Ата заңымыз Қазақстан халқының бірлігін айғақтайтын, үкілі үміттерінің жүзеге асуына жол ашатын басты құжатқа айналды - А.Мұсаханов

«Ата заңымыз Қазақстан халқының бірлігін айғақтайтын, оның еркіндігінің, мақсаттары мен ұмтылыстарының, үкілі үміттерінің жүзеге асуына жол ашатын басты құжатқа айналды. Сондықтан да «Елімізді, тарихымызды құрметтегендей Ата Заңға да құрметпен ұқыпты қарау біздің бүгінгі парызымыз», - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Конституцияны әрқайсымыз ардақ тұтамыз», - деді әкім.

Өңір басшысының атап өтуінше, барша қазақстандықтар секілді Жетісу өңірінің тұрғындары да Конституцияда белгіленген құқықтары мен міндеттерін сақтай отырып, Ата Заңға сәйкес ғұмыр кешуде. Сол себепті де тәуелсіз еліміздің тарихында Конституцияның 18 жылдығы жарқын, әрі айрықша мазмұндылығымен есте қалуы тиіс.

«Осы мерекелі күні барлық облыс тұрғындарына шын жүректен ашық аспан, зор денсаулық, мол бақыт және Қазақстанның гүлденуі жолындағы барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», - деді облыс әкімі.

Бүгін Талдықорғанның орталық алаңында театрландырылған қойылым көрсетіліп, Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртістері дайындаған концерт болады.