Атақты актер Патрик Суэйзи дүниеден озды

АСТАНА.  Қыркүйектің   15-і. ҚазАқпарат -  Атақты    актер  Патрик Суэйзи дүниеден озды.  Атышулы  «Грязные  танцы» фильмінің  жұлдызы   57 жасында ұйқы безінің  қатерлі ісігі ауруынан   қайтыс болды, 

Атақты  актер  Патрик Суэйзи      дүниеден озды

деп хабарлайды  Ассошиейтед  Пресс агенттігі.

Өткен  жылдың   наурыз  айында     актердің  емдеуші  дәрігері,  П.Суэйзидің ұйқы безінің    қатерлі ісігімен  ауырып  жатқанын     хабарлаған болатын. 2008 жылдың    маусым айында актердің  өзі,   ем-домның арқасында ісіктің  өсуі  тоқтатылғанын  мәлім етіп еді.   Өткен жылдың соңында актер  зайыбымен тең авторлыққа    мемуар   жазу  ниетін  жария етіп,   егер тағы 5 жыл өмір сүре алса,    бақытты  болатынын    айтып еді.

Кеше,  қыркүйектің 14-інде  актер  отбасы ортасында  көз жұмды.  

1980-90-шы  жылдардағы  ең танымал  актерлардың бірі саналатын   Патрик Суэйзи    жұртшылыққа   "Грязные танцы", "Призрак",  "Письма убийцы", "Дом у дороги", "Привидение", "Миллион на рождество" фильмдерімен танылған   болатын.