Атақты америкалық әнші Джастин Тимберлейк балалы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші Джастин Тимберлейк ұлды болды. Бұл туралы People журналына сілтемемен 24.kz жазады.

Атақты америкалық әнші Джастин Тимберлейк балалы болды

Джастин Тимберлейк пен оның жары Джессика Бил сәбилерінің есімін Сайлас Рэндалл деп қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша, 33 жастағы Джессика Бил мен сәбидің жағдайы жақсы.

Айта кетейік, Тимберлейк 34 жасқа келген туған күнінде әке атанатындығын айтқан еді. Джастин Тимберлейк әнші ғана емес, актер әрі продюсер ретінде де аса танымал.

Өзінің еңбек жолын ол 1995 жылы 'N Sync тобынан бастаған. 2002 жылы Justified атты алғашқы жеке альбомын шығарды. Тимберлейк төрт рет «Эмми» және тоғыз рет «Грэмми» сыйлығының иегері атанған.