Атақты американдық боксшы Эвандер Холифилд 50 жасқа толды

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін атақты американдық боксшы Эвандер Холифилд 50 жасқа толды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Ол кәсіпқой бокс тарихында аса ауыр салмақ дәрежесіндегі жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы болып табылады. Холифилдтің еншісінде 44 жеңіс бар. АҚШ-тың беделді "Ринг" журналы оны 1987, 1996 және 1997 жылдары «Жыл боксшысы» деп таныды.

Эвандер Холифилд 12 жасынан бокспен әуестенеді. 1984 жылғы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болғаннан кейін ол кәсіпқойлыққа ауысады.

1988 жылы Холифилд алғаш рет бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы атанады.

1997 жылғы  Майк Тайсонмен болған кездесуінен кейін Холифилд есімі әлемге танымал болды. Ол матчта Тайсон Холифилдтің құлағын тістеп алған болатын.

Бүгінде 11 баланың әкесі атанған Эвандер Холифилд өзінің 50 жылдық мерейтойын отбасымен бірге қарсы алуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум