Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атақты әнші Бейонсе егіз нәресте дүниеге келер алдында 123 бөлмелі үй сатып алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық поп-орындаушы Бейонсе мен оның ері рэпер Джей Зи егіз нәресте дүние есігін ашар алдында Голливудта үлкен үй сатып алуға дайындалу үстінде.

Атақты әнші Бейонсе егіз нәресте дүниеге келер алдында 123 бөлмелі  үй сатып алмақ

The Sun деректеріне қарағанда, әңгіме көлемі Ақ үйден де үлкен дербес мекенжай туралы болып отыр. Онда  түнгі клубты,  аквариумды, сыйлықтарды жинайтын орынды қосқанда 123 бөлме болмақ.

Үйдің құны 85 млн фунтты құрайды.