Атақты әнші Челентано 10 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Итальяндық әнші және актер Адриано Челентано сахнаға қайта оралды. Ол Сан-Ремодағы эстрадалық әндердің соңғы фестиваліндегі қатысуын есептемегенде 10 жылға жуық сахнаға шықпаған.
None
None

Бүгін "молледжато" бұл үнсіздікті бұзып, Веронадағы «Аренаның» сахнасында ән шырқайды.

Челентано бүгін және сейсенбі күні екі концерт береді. 74 жастағы Челентаноның қандай тосын сыйлар дайындағаны әзірге белгісіз.

«Арена» 12 мың орынға есептелген, барлық билеттер  сатылып та  кетті. Олардың кейбіреулерінің бастапқы бағасы небәрі бір еуроны құрады. Бірақ алыпсатарлар билет бағасын  мың еуродан асырып жіберді.

Соңғы жаңалықтар