Атақты әнші Пол Маккартни аңшылыққа үзілді-кесілді қарсы екенін жазды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі музыкант Пол Маккартни жуырда өткен сайлауда жеңіске жеткен Британияның консервативті партиясының аңшылық мәселесі бойынша шешіміне қарсылық танытты, нақтырақ айтқанда ол партияның түлкіге ит салуға берген рұқсатын сынға алды, деп жазады шетелдік БАҚ.
«Британия халқы көптеген мәселелер бойынша консервативті партияны қолдайды. Алайда, аңшылыққа рұқсат берілсе, көпшілігі партияға қарсы шығады», делінген «The Beatles» тобының бұрынғы мүшесінің сайтында.
Түлкі, бұғы, қояндар мен қаракүзен сияқты жабайы аңдарды аулауға шектеу 2004 жылы енгізілген. Консерваторлар ұсынған кей шектеуден бас тарту бастамасы наразылық тудырды.