Атақты боксшы Мэйуэзердің автомобилін өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ұлыбританиядағы турнеге келген белгілі америкалық боксшы кіші Флойд  Мэйуэзердің  көлігін өртеп жіберді. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.

Атақты боксшы  Мэйуэзердің автомобилін өртеп жіберді

Келеңсіз жағдай Бирмингемде орын алды, қаскүнемдер   Мэйуэзердің көлігін өртеп, оқиға орнынан бой тасалаған.   Бұл уақытта боксшы қаланың сауда орталығында жанкүйерлерімен кездесуде болған.    

Кіші Флойд Мейвезер  - жеңіліп көрмеген америкалық жартылай орта салмақтағы кәсіби боксшы.    2-ші орта жеңіл салмақта әлем чемпионы (WBC тұжырымы, 1998-2001 жылдар), жеңіл (WBC тұжырымы, 2002-2003 жылдар), 1-ші жартылай орта салмақ (WBC тұжырымы, 2005 жыл), орта салмақ (IBF тұжырымы, 2006 жыл; IBO тұжырымы, 2006 жыл;   WBC тұжырымы, 2006-шы, 2007-ші және  2011 жылдан бастап;  WBA тұжырымы, 2014 жылдан бастап;   WBO тұжырымы, 2015 жылдан бастап), 1-ші орта (WBC тұжырымы, 2007-ші және 2013 жылдан бастап; WBA тұжырымы, 2012 жылдан бастап). Ring  журналының нұсқасы бойынша (2005-2007-ші, 2013-2015-ші)  салмақ санатынан тыс үздік боксшысы. Сондай-ақ бірнеше рет түрлі журналдарда "жыл боксшысы" атанған.

Фото: © Валерий Шарифулин/ТАСС