Атақты боксшы өз қызын оқтан жауып, қаза тапты

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мейрамханадағы тонау кезінде атып өлтірілген атақты боксшы, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Корри Сандерстың қазасы туралы толық мәлімет белгілі болды. Бұл туралы sport.mail.ru жазады.

Атақты боксшы өз қызын оқтан жауып, қаза тапты

Оқиға кезінде Сандерс отбасымен бірге мейрамханада болған, олар боксшының немере інісінің 21 жасын тойлап отырыпты. Сол кезде мейрамханаға қаруланған үш жігіт баса-көктеп кіріп келіп, бей-берекет оқ жаудырған. Боксшы қасында отырған қызын оқтан қорғамақ болып, оны денесімен жапқанда кеудесі мен қолынан жараланады. 

Естеріңізге сала кетейік, Сандерс Владимир Кличконы жеңген аз ғана боксшылардың бірі.