Атақты боксшы Пакиао парламент сайлауына қатыспақ ниетте

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиндік боксшы Мэнни Пакиао сәуірде американдық Тимоти Брэдлимен өтетін айқас өзінің спорттық жолындағы соңғы жекпе-жек болатындығын растады.
None
None

«Мен бокстан кетемін және саясатқа араласпақпын. Тимотимен айқас ең соңғы болады»,-деген Пакиаоның сөзін келтіреді A Bola.

Атақты боксшы Филиппин парламентінің мамырда болатын сайлауында бағын сынап көрмекке ниеттеніп отыр.

37 жастағы Мэнни Пакиао -сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. Кәсіби бокста ол 65 айқас өткізіп, оның 57-сінде жеңіске жетті, оның ішінде 38 -нокаут,алты кездесуінде жеңілді және екі жекпе-жекті тең аяқтады.

Соңғы жаңалықтар