08:49, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Атақты француз футболшысы президент орынтағы үшін додаға түспек
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Атақты француз футболшысы Эрик Кантона биылғы жылы өтетін сайлауда ел президентінің орынтағына дауысқа түсетін ниетін жария етті, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.
Кантона француз қалаларының мэрлеріне өзінің кандидатурасын қолдау жөнінде хат жолдады. Мемлекет басшысы лауазымына кандидат ретінде тіркелу үшін Кантонаға ақпанның соңына дейін кемінде 500 лауазымды адамның қолы қажет.
Франция құрамасының және ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы шабуылшысы Кантона футболмен 1997 жылы хош айтысқан болатын.