Атақты ғалым өзінің мерейтойында қонақтарды «Біржан мен Сара» операсына шақырды

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, студенттер мен мектеп оқушылары Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрына «Біржан мен Сара» операсына шақыру алды.

Атақты ғалым өзінің мерейтойында қонақтарды «Біржан мен Сара» операсына шақырды

Өзінің 85 жылдық мерейтойын белгілі түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Шора Сарыбаев осылайша атап өтуге ұйғарды. Билеттерді де өзі сатып алды.

Қазақстан ғылымның ардагерін - мерейтой иесін құттықтауға сондай-ақ достары, әріптестері мен шәкірттері келді. «Ш.Сарыбаев елімізде филология ғылымдарының дамуы үшін көп іс тындырды. Ең бастысы - өз мектебін, ғалымдар шоғырын қалыптастырды, өзінің ісі мен идеяларын бүгінде жалғастырып отырған көптеген шәкірттер тәрбиеледі», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков.

Атақты ғалым «Парасат» орденінің иегері.