12:36, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
Атақты гитарашы Гэри Мур қайтыс болды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 6 ақпаны, жексенбі күні аты аңызға айналған гитарашы және рок-музыкант Гэри Мур 58 жасында қайтыс болды,
деп хабарлайды РБК Sky news-ке сілтеме жасап.
Музыкант Испаниядағы Коста-дель-Соль шипажайындағы қонақ үйде жүрек талмасынан көз жұмды.
Гэри Мур 1952 жылы 4 сәуірде дүниеге келді. Сегіз жасында акустикалық гитараны меңгере бастаған. Оның 30-дан астам альбомы бар, соңғысы 2008 жылы шықты.