Атақты «Касабланка» фильміндегі пианино саудаға шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте «Bonham's» аукцион үйі 1942 жылы жарыққа шыққан атақты "Касабланка" фильміндегі пианиноны саудаға қоймақ. Ол ең кемі 1 млн. АҚШ долларына сатылуы мүмкін. Аукцион 24 қарашада өтеді, деп хабарлады «РИА Новости».

Атақты «Касабланка» фильміндегі пианино саудаға шығарылады

Көне мүліктің иесі өз есімін жария етуден бас тартыпты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол бұл аспапты 2012 жылы «Sotheby's» аукцион үйіндегі саудада 602,5 долларға сатып алған. БАҚ-та сол кезде пианиноны атақты актер Леонардо Ди Каприо сатып алғаны туралы жазылған болатын.

Еске сала кетейік, режиссер Майкл Кертистің "Касабланка" мелодрамасы - «Оскар» сыйлығына ие болған, Голливуд тарихындағы ең үздік фильмдердің бірі.