Атақты миллиардер Дональд Трамп Грузияда қонақүйлер салмақ
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Американдық миллиардер Дональд Трамп Грузияда екі биік ғимарат салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Жоба 300 миллион долларға бағаланып отыр. Ғимараттардың бірі - Трамп Тауэр» қонақүйі Тбилисидің орталығында бой көтермек.
Ал "Трамп Ривьера" ғимараты Батумидегі іскерлік кешеннің бір бөлігі болады. Жаңа ғимараттардың әрқайсысының биіктігі 40 қабатты шамалайды деп жоспарлануда.