Атақты наркобарон АҚШ-қа экстрадицияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Әділет министрлігі және Мексика СІМ мәлімдемесіне сәйкес «Эль Чапо» деген лақап атпен танымал наркобарон Хоакин Гусман АҚШ-қа экстрадицияланды, деп хабарлайды euronews.com.
Экстрадициялау үрдісі бір жыл бұрын наркобаронды қамауға алған сәтте басталған еді. АҚШ-тың бірнеше штатында Гусманның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
АҚШ Әділет министрлігінің хабарлауынша, ол ұзақ жылдар бойы мексикалық «Синалоа» наркокартеліне жетекшілік еткен.