13:12, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Атақты рок-музыкант Мәскеуде өзіне-өзі қол жұмсады
МӘСКЕУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Мәскеуде танымал E.S.T. тобының жетекшісі, атақты рок-музыкант Жан Сагадеев өзіне-өзі қол салды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні орын алған. Телефон сымына асылып өлген күйеуінің мәйітін марқұмның зайыбы тапқан. Музыканттың өмірмен бұлайша қоштасуының себебі әзірге беймәлім.