Атақты велошабандоз Лэнс Армстронг Құрметті легион орденінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық атақты велошабандоз француздардың Лэнс Армстронг Құрметті легион орденінен айырылды.

Атақты велошабандоз Лэнс Армстронг Құрметті легион орденінен айырылды

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Франция президенті Франсуа Олланд осындай жарлыққа қол қойды.

Армстронг 2005 жылғы 30 мамырдағы жарлықпен Құрметті легион орденімен марапатталған еді. Орденге мүшелікке әскери немесе азаматтық істе Францияға зор еңбек сіңіргені үшін қабылданады.

2013 жылы Америкалық антидопинг агенттігі (ЮСАДА) тарапынан тексеру жұмыстарының нәтижесінде Армстронгтың тиым салынған препараттарды пайдаланғаны анықталды. Америкалықтың өзі допингті қолданғанын мойындаған да болатын.