Атамбаев Бішкекте лаңкестердің көзін жоюға қатысқан МҰҚК жауынгерлерін марапаттауды тапсырды
Бұл туралы КирТАГ мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Кездесуде мемлекет басшысы МҰҚК-ның қазіргі қызметімен және елдегі жағдаймен танысты.
Б. Табалдиев 2015 жылы 16 шілдеде Бішкек қаласында МҰҚК арнайы құрылымы өткізген халықаралық лаңкестік ұйымының содырларының көзін жою шарасы туралы баяндап берді.
Арнайы операция кезінде 4 содыр өлтірілді, 7 лаңкес қамауға алынды. МҰҚК 4 қызметкері жарақаттанды, қазір олардың жағдайы қанағаттанарлықтай. Көптеген қару мен оқ-дәрілер тәркіленді», - деді Б. Табалдиев.
Президент операцияға қатысқан МҰҚК арнайы құрылымының мемлекеттік наградаға ұсынуды, сонымен қатар жарақаттанғандарды қажетті дәрілермен және медициналық күтіммен қамтамасыз етілуін бақылауға алуды тапсырып, бұған қаражат бөлді.