«Атамекен» білім беру саласындағы үздік жобаларды анықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Тамыз конференциясы аясында "EduTech" атты білім беру саласындағы кәсіпкерлік жобалардың байқауы өтеді. Байқаудың ұйымдастырушысы - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Болашақ" түлектерінің қауымдастығы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» білім беру саласындағы үздік жобаларды анықтайды

"Бүгіннен бастап байқауға қатысамын деушілердің өтінімдері қабылданады. 11 тамызға дейін біз жартылай финалға шыққандардың тізімін жариялаймыз. 18 тамыз күні Астанада жартылай финалдық сайыстар өтеді. Сол кезде кәсіпкерлер өз жобаларын таныстырады. Ал 22 тамызда педагогтардың Тамыз конференциясында финал өтіп, байқау жеңімпаздары анықталады", - дейді кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев.

Оның айтуынша, конкурсқа білім беру саласындағы әдістемелік құралдар, ақпараттық теxнологиялар, сан алуан симуляторлар мен тренажерлар, инклюзивті білім беру әдістеріне арналған жобалар қатыса алады. "Сосын бүгінде аймақтарда іс жүзінде қолға алынған жобалар бар. Бірақ ондай бастамаларды республика аумағында көп біле бермейді. Осы жобалардың авторлары да байқауға қатыса алады. Конкурсқа қатысты барлық ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Атамекен" палатасы мен "Болашақ" түлектері қауымдастығының ресми сайттарынан табуға болады", - деп атап көрсетті палата өкілі.