«Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысын аралады

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысын аралады

Аталған аудан аумағында орналасқан Шерқала, Айрақты тауларында, Ақмыш мәдени орнында, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Қызылқала жерінде болған экспедиция мүшелері «Көгез» этноауылды тамашалады. «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде болып, зиялы қауым өкілдерімен, өлкетанушы, тарихшы ел ағаларымен кездесті.