«Атамекен» мен «Самұрық-Қазына» сатып алулар саласында өзара іс-қимыл орнатуға келісті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар саласында өзара іс-қимылын орнатуға келісті.
None
None

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумның төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев отандық кәсіпкерлерді қолдау мен олардың ісін дамыту туралы келісімге қол қойды. Келісімге сай, бұл бағыттағы жұмыс негізгі үш бағыт бойынша, атап айтсақ, отандық тауар өндірушілердің арасында ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол жеткізу; жоспарланған және жүзеге асырылатын сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және тауар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын, жергілікті үлестің көлеміне мониторинг жасау бағыттарында жүзеге асырылады. «Менің ойымша, бизнес ашықтық, анықтық пен тиімділігі қағидаттарына сай қаржыландырылуы керек. Бүгін қол қойылған келісімнің арқасында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулар жүйесі отандық тауар өндірушілер мен тауар жеткізішулер үшін қолжетімді бола түседі. Ал Ұлтық кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде комиссияның құрамына қосыла отырып, тендерлердің ашықтығы мен заңдылығын барынша бақылауда ұстайды», - деп мәлім етті Т.Құлыбаев. Өз кезегінде, Ө.Шөкеев соңғы жылдарда өзі басқарып отырған қор сатып алу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қыруар жұмыстар атқарғанын, қазақстандық үлесті арттыруға ерекше назар бөліп келе жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар