«Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Кедендік одақ жағдайында көрсетіп отырған қолдаулары үшін мемлекеттік органдарға алғыс білдірді

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстанның «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы мен еркін режимде жұмыс істеуші кәсіпорындар бизнестің өзекті мәселелеріне түсіністікпен қарағандары үшін және көрсетіп отырған қолдаулары үшін мемлекеттік органдарға алғыс білдіреді. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Атамекен»  одағы» Ұлттық  экономикалық палатасы    Кедендік  одақ жағдайында көрсетіп  отырған    қолдаулары  үшін мемлекеттік   органдарға алғыс    білдірді

«Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Кеден одағы аясында еркін режим үшін салықтық жеңілдіктерді сақтап қалу мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен өзара түсіністікке қол жеткізді. Аталмыш режим кезінде Қазақстанға экономиканың технологиялар секторларында - машина жасау, электротехникалық өнеркәсіптерінде, т.б. салаларда бірқатар өндірістер құруға мүмкіндік берген еді. Бірақ, қазақстандық кәсіпорындардың деректері бойынша, Кеден одағы құрылғаннан кейін, ресейлік және беларустық әріптестер аталмыш форматты тарату мәселесін көтеріп, бірқатар жетекші отандық компаниялардың жұмысына салмақ төнген еді»,- деп атап көрсетіледі баспасөз баянында. Қазақстанның «Атамекен» одағы Ұлттық экономикалық палатасынан көмек сұраған кәсіпкерлер, осы мәселеге арналған келіссөздердегі қазақстандық тараптың ұстанымына алаңдаушылық білдіріп болатын. Осыған орай, «Атамекен» төрағасы Азат Перуашев аталмыш проблеманы Елбасының қатысуымен өткен кәсіпкерлер кеңесінің мәжілісінде, сондай-ақ Үкіметке хаттарда көтерді. Атап айтқанда, А.Перуашев еркін кедендік режимін және Кеден одағы нарығында өңдеуші кәсіпорындарды қолдаудың маңызды тетігі ретінде қосымша құн салығы бойынша тиісті жеңілдіктерді сақтаудың тиімді форматын жасауды ұсынды.

Жақында Қаржы министрлігінен алынған жауапта, заңнамаға кеден қоймасы режимі үшін тиісті салықтық жеңілдіктерді сақтауға мүмкіндік беретін түзетулер әзірленгені хабарланып отыр.