Атамқұлов: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 20 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2 млрд доллардың жобалары жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Елбасының жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы берген есебінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Атамқұлов: Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 20 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетті

«Негізгі басымды бағыттардың бірі - инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта өңірде «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия елдеріне өңірге инвестиция тарту мақсатында ресми іс-сапарлар ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңға шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 2 млрд АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда», - деп атап өтті облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен алты айда 54 млрд теңгенің 117 жобасы мақұлданып, осы жобалар бойныша 983 жаңа жұмыс орны ашылған. Жалпы бағдарламаға қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд теңге салық түсіп, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 409 млн теңгеге артқан.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетілді», - деп атап өтті облыс әкімі Б. Атамқұлов.