Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының қуаты жылына 20 млн. тоннаға дейін артады

«Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысы жобасының екінші кезегінің екінші кезеңінің жобасы «Қазмұнайгаз»-дың перспективалық жоспарына және «Қазақстан-Қытай құбыр өткізгіші» ЖШС 2012 жылғы бюджетіне енгізіліп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеудің шығыны мақұлданған», - делінген ведомство хабарында.
2011 жылы Атасу-Алашаңқай 11мұнай құбырының МҚС құрылысы аяқталып, оның өткізу қуаты 12 млн. тоннаға артқан болатын.
ҚР Мұнай және газ министрлігінің ақпарына қарағанда, бүгінгі күні Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының өткізу қабілетін ресей мұнайының қосымша көлемінің транзиті үшін 20 млн. тоннаға дейін жеткізу жолында жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыры құрылысының Құмкөл-Қарақойындағы үшінші бөлігінің және Қызылжар МҚС Құмкөл-Қарақойын-Атасу учаскесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі. Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының жұмысын қамтамасыз ету үшін өз нысандарында дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту аясында екі жоба: ұзындығы 777,5 шақырым, диаметрі 813 мм болатын Кеңқияқ- Құмкөл телімі және жалпы ұзындығы 962,3 шақырым, диаметрі 813 мм болатын Атасу - Алашаңқай жүзеге асырылады.