Атасы мен әжесі 19 жыл бойы баланы ата-анасынан жасырып келген
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - 1994 жылы Индианада жоғалып кеткен кіші Ричард Лэндерс арада 19 жыл өткен соң табылды,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Баланың ата-әжесі оның ата-анасының берген тәрбиесіне риза болмай, оны белгісіз бағытқа алып кеткен.
2008 жылы алдын ала күдік келтірілген ұрылар босатылып, іс мұрағатқа жіберілді. Алайда жақында Миннесотада кіші Ричард Лэндерстің әлеуметтік сақтандыру картасының нөмірі байқалды. Мәліметтер базасы бойынша тексеру нөмірді ұстаған адамның аты құқықта белгіленген есіммен бірдей келмейтінін көрсетті. Полицейлер Индиана мен Миннесотадағы баланың фотосуреттерін салыстырып, екеуінде де бір адамның белгіленгенін анықтады. Жақын уақытта жоғалып кеткен бала өзінің ата-анасымен кездесуі тиіс.