10:41, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Ататүріктің қызы жол апатынан қаза тапты
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Түркияда елдің бірінші президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің асырап алған қызы Юлкю Адатепе жол-көлік апатынан қаза тапты, Бұл туралы оның ұлы айтты.

Жол апаты Ыстамбұл - Анкара тас жолында болды. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Көлік ішіндегі 79 жастағы Адаптепенің ері және жүргізуші жарақаттанды, деп хабарлады Утро. ру.
Айта кетейік, Ататүрк - елдің тұңғыш президенті және Республикалық халық партиясының көшбасшысы, Түрік Республикасының негізін қалаушы.