Атаулы әлеуметтік көмек: Министр азық-түлік себетінің ақшалай берілу себебін түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік себетінің орнына ақшалай көмек берілу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Иә, бұған дейін азық-түлік себеті таратылып келді. Өткен жылдан бастап ол ақшалай беріле бастады. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар ақшалай беру туралы ұсыныс жасады. Оған себеп – азық-түлік себеті барлық жерде теңдей берілмейді, яғни аудандарда себет құрамында болуы тиіс азық-түліктің кейбір түрі болмай жатады. Сол сияқты азық-түліктің сапасына қатысты да мәселе қозғалды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алатын ата-аналардан да ұсыныс түсті. Айтуларынша, берілетін азық-түліктің барлығы бірдей балалардың көңілінен шыға бермейді. Сондықтан, ақшалай берілсе деген өтініш айтылды, -

деді Тамара Дүйсенова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Ведомство басшысы АӘК көлемінің ұлғайтылғанын айтты. Мәлімдеуінше, қазір азық-түлік себетінің орнына берілетін сома – бір балаға 5 175 теңге.

«Былтыр атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 59 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл бағытқа 72 млрд теңге қарастырылып отыр», - дейді министр.


Соңғы жаңалықтар