14:05, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
Атаулы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылауды арттыру үшін формулярлық жүйе жетілдіріледі - ҚР ДСМ
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Атаулы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылауды арттыру үшін формулярлық жүйе жетілдірілмек. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндама жасаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова айтты.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік бағдарламаның халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағыты жетілдіруде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету құралдарының көлемі 120 млрд. теңгеден астамды құраған.
«2012 жылдан бастап аталған проблема шешілді. Бұдан бұрын 50 пайыз жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттар 2012 жылдан бастап тегін босатылады. Осы мақсаттарға республикалық бюджет қаражатынан 3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, атаулы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді бақылауды арттыру үшін формулярлық жүйе жетілдірілмек.