Атбасар ауданында тағы 50-ден астам адам эвакуацияланды

Более 100 человек эвакуировали из Атбасара
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Атбасар ауданындағы ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте Самарка ауылынан 50-ден астам адам эвакуацияланды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл өзеніндегі судың деңгейі күрт көтерілуіне байланысты шұғыл түрде Самарка ауылынан 53 ересек адам, оның ішінде 25 бала, сондай-ақ үй жануарлары Атбасар қаласына эвакуацияланды. 

«Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесіп, тәулік бойы Самарка ауылындағы жалпы білім беретін мектепті судан қорғау үшін қосымша бөгет тұрғызып, құм толтырылған қаптарды төсеп жатыр. Сонымен бірге, мотопомпа арқылы су сору жұмыстарын да ширатып отыр. Осының арқасында мектеп тасқын судан аман қалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмол және Қаражар ауылдарына тасқын судан төнген қауіп сейілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар