Атбасар ауданында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Атбасар ауданында 9 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Аманбек Қалжанов ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Аудан әкімінің айтуынша, ауданда көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 45 пәтерлі екі тұрғын үй салынды. 2020 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі шамамен 42 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Есепті кезеңде 4,5 мың тоннадан астам ет, 21 мың тоннаға жуық сүт, 8 миллион дана жұмыртқа өндірілді. 334 басқа ірі қара мал өсіретін 4 ет фермасы ашылды.
Брифингте аудан әкімі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне, инвестициялық жобаларға нақтырақ тоқталды.
«Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 59 жұмыс орнын құрумен 2 млрд.теңгеге жуық сомаға 2 инвестициялық жоба енгізілді. Бұл-сұлы қауызын іске қосу жөніндегі тамақ фабрикасының құрылысы және ет өнімдерін терең өңдеу цехының құрылысы. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 535 млн.теңгеден астам 6 жоба қаржыландырылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 28 адам 95,4 млн.теңге сомасына шағын несие алды. Жыл басынан бері 7 жаңа сауда нысаны ашылды», - деді А.Қалжанов.
Ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Бастау ауылында ұзындығы 5,7 км кентішілік жолдарды асфальтбетон жабынымен орташа жөндеу аяқталды. Атбасар қаласының көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңызы бар «Атбасар» автомобиль жолы ағымдағы жөндеуден өтті. Мариновка ауылы мен Бастау ауылына кіреберіс жолға, Шуйское және Покровка ауылдарындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары, Атбасар қаласының су құбыры желілеріне, сорғы станциясына және кәріз желілеріне ағымдағы жөндеу, Сочинское ауылының бөгетіне күрделі жөндеу, сондай-ақ Атбасар қаласындағы Жеті қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда су тасқынын алдын алу және қауіпті жою шаралары тұрақты бақылауда.
«2021 жылғы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі үшін Атбасар қаласында және 7 ауылдық округте Жабай және Жыланды өзендерінің арналарын өсімдіктер мен құм шөгінділерінен тазарту жұмыстары жүргізілді. Топырақ үйіндісі нығайтылып, жалпы ұзындығы 10 мың метр жыра тазартылып, тереңдетілді, Самарка ауылында ұзындығы 280 метр бөгет және 1 шлюзде қанатшалар нығайтылды»,-деп түйіндеді аудан әкімі.