Атбасар ауданында заманауи қасапхана ашылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында қазіргі заманға сай жабдықталған қасапхана ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Сочинск ауылында ашылған кәсіпорын ірі қара мен қой союға арналған. Қасапхана ресейдің «ТД «МИЛАМ» ашық акционерлік қоғамының замануи қондырғыларымен жабдықталған. «Сочинск» ЖШС тапсырысы бойынша салынған кешен малды соятын алаң, шұжық шығаратын цех және тоңазытқыш тәрізді жеті модулден тұрады.

«Ресейлік компанияның көмегімен заман талабына сай, жоғары сапалы ет және шұжық өнімдерін терең өңдейтін қасапхана ашып отырмыз. Енді өз малымызды (шаруашылықта 300 бас ірі қара бар) өзімізде сойып, етін өңдей аламыз. Оған қоса, өңірдегі мал өсірумен айналысатын шаруашылықтарға да қызмет көрсететін боламыз», дейді «Сочинское» ЖШС бас инженері Олег Бовдуев.

Соңғы жаңалықтар