Атбасардағы түзету мекемесінің ұжымы 100 пайыз дауыс берді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 мекемесінің ұжымы 100 пайыз дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атбасардағы түзету мекемесінің ұжымы 100 пайыз дауыс берді

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өтіп жатқан Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 мекемесінің ұжымы аса жауапкершілікпен қарап, өздерінің азаматтық парызын орындады.

«Әрбір сайлаушы жеке өзі дауыс берді. Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыға сайлаушылар тізімі негізінде құжаттарды ұсынған кезде берілді. Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 мекемесінің ұжымы дауыс беруге 100 пайыз қатысуды қамтамасыз етті. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының сенімді болашаққа өз дауысын беру борышы», - дейді колония бастығының міндетін атқарушы Сүйіндік Омаров.

Айта кету керек, тәуелсіз жағдайлар мен құқық қорғау органдарында қызмет ету қажеттілігіне байланысты көптеген қызметкерлер отбасынан және тұрғылықты жерінен алыста қызмет етеді. ЕЦ-166/4 мекемесінде еліміздің басқа өңірлерінен келген 20-ға жуық қызметкер бар, алайда бұл фактор қызметкерлерге Атбасар қаласының әкімдігіне тіркелуге және дауыс беруге қатысуға кедергі болған жоқ.