Атбасарлықтар Ілияс Есенберлиннің үйін абаттандыруда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Атбасар қаласындағы мектептер мен балабақшалардың қызметкерлері Ілияс Есенберлин тұрған үйдің сыртын абаттандыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің Атбасар қаласында туып, өскен үйі бар. Аудандық білім бөлімінің бастамасымен қаладағы мектептер мен балабақшалардың қызметкерлері осы үйдің сыртын абаттандыруда.

«Еліміз бойынша «Туған жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Біз де қазақ халқы үшін біртуар ұлы, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің тұрған үйіннің сыртын күл-қоқыстан тазартып, жөнге келтіруді жөн санадық. Бұл біз үшін үлкен абырой»,- деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Әсел Қозыбекова.

Еске сала кетейік, Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Екіншідүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасының басшысы тәрізді көптеген жоғары лауазымды қызметтерді атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды.

Қазақ әдебиетінде І.Есенберлин жазған «Айқас» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978) тәрізді өзге де танымал романдарымен оқырман назарын өзіне аударды. Әсіресе, «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдары жазушының мәртебесін асқақтаты.
null 

Жазушының туып, өскен үйі Атбасар қаласындағы Есенберлин көшесінің (бұрынғы Советская) бойында № 48 мекенжайы бойынша орналасқан. Үйді 1895 жылы оның әкесі Есенберді мен бауыры Шоқан салған екен. Үйдің қабырғасына жазушының құрметіне мемориалдық тақта орнатылған. Аудан орталығында жазушының есімімен кітапхана да жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар