АТФ банк ақауға байланысты шоттарынан ақша алынған клиенттерге қаржыларын қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі кеше АТФ банктің жүйесінде болған техникалық ақауларға қатысты бұл жағдайдан хабардар екендігін және АТФ банкпен байланысып отырғандығын хабарлайды.
Еске салайық, 2013 жылы АТФ банктің терминалдары мен банкоматтар желісінде жүзеге асырылған операциялар бойынша басқа банктердің төлем карточкаларынан ақшалар алынған болатын.
«Қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тауып, барлық қаржы карточка иелерінің банк шоттарына қайтарылды (қазіргі таңда соңғы транзакциялар жүзеге асырылуда). Осындай ақаудың себептері мен болашақта осындай жағдайдың алдын алу шаралары АТФ банкпен егжей-тегжейді талқыланатын болады», - делінген хабарламада.