18:22, 30 Қазан 2009 | GMT +5
«АТФ Банктің» Қырғызстандағы еншілес бөлімшесі халықаралық қаржы корпорациясынан несие алды
КЕК. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Республиканың жетекші қаржы мекемесі «АТФ Банк-Қырғызстан» шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге арнап 10 млн. АҚШ доллары мөлшерінде халықаралық қаржы корпорациясынан (IFC) несие алды. Бұл жөнінде екі ұйым арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін жұма күні Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында жарияланды.

5 жылдық мерзімге арналған несие қаржы ресурстары шектелген және жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында қырғызстандық компаниялар үшін банктік қызметтерге қол жетімділікті арттыруға көмектесуді көздейді.