ӘТФ-ның алғашқы әйел-капитаны әріптесіне ғашық болғаны үшін жұмыстан қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның әскери-теңіз флоты тарихында алғаш әйел-капитан атанған Сейра Уэст өз қызметкеріне ғашық болғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп жазады шетелдік БАҚ.

ӘТФ-ның алғашқы әйел-капитаны әріптесіне ғашық болғаны үшін жұмыстан қуылды

Сейра Уэст 42 жасқа келсе де тұрмыс құрмаған. Оның өз қоластында істейтін офицерде көңілі болған. Офицер болса, отбасын құрған азамат екен. Бұл, әрине, әскери тәртіпке, уставқа толықтай қайшы.

Шілде айында Portland бортында олардың қарым-қатынасы әшкере болып, тергеу жұмыстары аяқталғанша әйел-капитан жұмысынан шеттетілген. Қазір ол ресми түрде қызметінен босатылды.

Сейра Уэст Portland фрегатын соңғы екі жыл бойы басқарған. Бұл қызметіне 2012 жылдың көктемінде орналасқан. Бұған дейін әскери әйелдерге кеме капитаны болмақ түгіл, кемеге аяқ басуына болмайтын. Әйел-капитан бұл әрекетімен сол қағиданың дұрыс болғанын дәлелдегендей.

Экс-капитан бұдан арғы қызметін флот бөлімдерінің бірінде жалғастырады.