«Атырау» футбол клубына 2 легионер қосылып, 1 отандық футболшы қайта оралды

АТЫРАУ. KAZINFORM – «Атырау» футбол клубы легионермен толығып жатыр. Бүгін клуб сапына 1 қазақстандық футболшы қайта оралып, 2 легионер қосылды.

«Атырау» футбол клубы
Фото: «Атырау» футбол клубы

Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, легионердің бірі Беларусьтан, екіншісі Ресейден келген.

«Атырау» футбол клубы
Фото: «Атырау» футбол клубы

– Беларусьтік қорғаушы Руслан Хадаркевич ресми түрде «Атырау» командасының құрамын толықтырды. Ол өз Отанындағы «Берёза», «Славия-Мозырь», «Ислочь», «Шахтер» (Солигорск), «Динамо» (Минск), БАТЭ және басқа да клубтарда өнер көрсеткен. Беларусь Республикасының 3 дүркін чемпионы, ел Суперкубогінің иегері атанған. Еурокубокте ойнап, Беларусь ұлттық құрамасының намысын қорғаған, - деп мәлім етті клубтың баспасөз қызметінен.

Ал, ресейлік легионер Лука Згурский шабуылшы позициясын ұстанады. Ол – мәскеулік «ЦСКА» футбол клубының түлегі.

«Атырау» футбол клубы
Фото: «Атырау» футбол клубы

– Футболдағы мансабын аталған команда бастап, өзбекстандық «Андижан» клубында ойнаған. Кейін Түркістандағы «Тұран» сапында доп тепті. Ол Ресей U21 жастар құрамасында өнер көрсетті, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ «Атырау» футбол клубының сапына орталық қорғаушы Олжас Керімжанов қайта оралды.

– Жамбыл облысының тумасы отандық «Оқжетпес», «Локомотив» (Астана), «Қайрат», «Жетісу» және басқа клубтар құрамында ойнады. 2023/24 жылдары «Атырау» құрамында білікті ойыншысы болды. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 10-ға жуық кездесуге қатысты, - деп нақтылады клубтың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Виталий Жуковский қайтадан «Атырау» командасының бас жаттықтырушысы болғанын хабарлаған едік.

Кейін Виталий Жуковскиймен бірге «Атырау» футбол клубына кімдер кері оралғанын https://kaz.inform.kz/news/vitaliy-zhukovskiymen-brge-atirau-futbol-klubina-kmder-ker-oraldi-cbfe09/ жазған болатынбыз.

Бас жаттықтырушы «Атырау» футбол клубына бірнеше ойыншыны шақырды.

Сондай-ақ «Атырау» футбол клубына бұрынғы 2 легионер қайта оралды.

Соңғы жаңалықтар